ЗАУЫТ ТАРИХЫ

30-шы жылдар

Орынбор қоспа жем зауытының тарихы сонау 1932 жылы басталады. Кәсіпорын жылнамасында «ақ» та, «қара» да парақтары бар: қарқынды өсу мезгілдері тоқырау кезеңдерімен, ал құлдырау кезеңдері өркендеумен ауысып тұрды; қателіктер де, жетістіктер де болды. Өз тарихымыз туралы хабардар болу біздің ұжымымыз үшін өте маңызды, себебі жаңа белестерді бағындыру үшін қажетті құнды тәжірибені алуға мүмкіндік береді.

Жиырмасыншы ғасырдың 30-шы жылдары кеңес үкіметі ауыл шаруашылығының жаңа түрлерін енгізу бойынша (колхоздарды және совхоздарды құрды) өршіл жобаларды, сонымен қатар мал шаруашылығының озық технологияларын жүзеге асыруға кірісті. Бірінші «бес жылдық» кезеңінде қоспа жем зауыттары желісінің құрылысы туралы шешім қабылданды. Алғашқылардың бірі болып, 1932 жылдың мамыр айында Орынбор қоспа жем зауыты іске қосылды.

Бастапқы кезеңде кәсіпорын екі өндірістік цехтан тұрды: бос және кесектелген қоспа жем цехтары, өндірістік қуаттылығы тәулігіне 300 тонна.

Ұлы Отан соғысы жылдары Орынбор қоспа жем зауытына майдандағы жылқыларды кесектелген қоспа жеммен қамтамасыз ету міндеті жүктелді,бұл тапсырманы кәсіпорын сәтті орындады.


50-ші жылдар

Жиырмасыншы ғасырдың 50-ші жылдары зауыттың өндірістік қуаттылығы екі еседен астам өсті- шашыраңқы цехы тәулігіне 650 тоннадан артық қоспа жемдерді өндіре алушы еді. Бұған сол мезгілдегі Швейцариялық "MIAG" фирмасының ең жаңа жабдығын және сыйымдылығы 30 000 тонна жаңа қойма үй-жайларын енгізу арқылы қол жеткізілді.


60-шы жылдар

Өндірістің кеңеюі жиырмасыншы ғасырдың 60-шы жылдары да болып жатты. 1966 жылға қарай Орынбор қоспа жем зауыты тәулігіне өнімнің 1100 тоннасын өндіре алатын болды. Зауыт алғашқы боп біздің елімізде түйіршіктелген қоспа жем өндірісін құрғанын атап өткен жөн. 1961 жылы кәсіпорында сағатына өнімділігі 8 тонна "Century» маркалы түйіршіктеуге арналған ағылшын жабдығы ендірілді. Сол жабдықтың негізінде, 1963 жылы, біздің инженерлеріміз ДГ маркалы баспақты әзірлеп шығарды, ол сынақтан сәтті өтіп, пайдаланымға енгізілді. Сөйтіп, түйіршіктеу желісінің өндірістік қуаты сағатына 48 тоннаға дейін көбейтілді.

Өндіріс көлемінің өсуі және қоспа жемдер сапасы, оның мал шаруашылығында және құс шаруашылығында кеңінен қолданылуына ықпал етті. Орынбор қоспа жем зауытының өнімін пайдалануы Орынбор облысында ауылшаруашылық жануарларының және құстарының өнімділігін едәуір арттырды, сол үшін 1967 жылы зауыт Еңбек Қызыл Ту Орденімен марапатталды.


70-ші жылдар

Кейінгі жиырма жыл ішінде Орынбор қоспа жем зауыты, үздіксіз жетілдіру және жаңартпа енгізу жолында болды. 1970 жылға қарай зауыт тәулігіне 1500 тонна өндірістік қуаттылыққа ие болды. Кәсіпорын өнімі тек қана Орынбор облысында ғана емес, одан тыс жерлерде де сұранысқа ие болды. Орынбор қоспа жем зауытының өнімдерін Мәскеу облысының барлық дерлік құс фабрикалары пайдаланды,қоспа жемнің көп мөлшері қиыр солтүстік және сібір аудандарына жеткізілді.


90-шы жылдар

КСРО құлағаннан кейін ондаған жылдар бойы қалыптасқан экономикалық қатынастар күйреді, бұл қайғылы салдарға әкеп соқты. Ауылшаруашылық өнімінің өндірісі қысқартылды зауыт үшін де, жалпы біздің еліміз үшін де қиын заман туды. Алайда, зауыт ұжымы мұңаймады, және де технологияны жетілдіру мен өнім сапасын жақсарту бойынша жұмысын жалғастырды. 1996 жылы астықты ұнтақтау желісін техникалық қайта қаруландыру бойынша жұмыс жүргізілді. Кәсіпорынның сақталуына өндірісті әртараптандыру да ықпал етті – 1999 жылы диірмен өндірісі іске қосылды. Итальяндық "GMF-Sp.a" фирмасының жабдығына екі диірмен кешені кіреді – тәулігіне жалпы өнімдігі 100 тонна нан-тоқаш және макарон ұн тартпасы.


Біздің уақыт

2000 жылдары басталған экономикалық өсім ауылшаруашылық нарығының жаңа шарттарын белгіледі.Осыған байланысты, 2008 жылы техникалық қайта қаруландыру туралы шешім қабылданды.Қоспа жем өндірісіндегі озық жетістіктерді пайдалана отырып,қысқа мерзімде өндірісті жетілдіру жүргізілді, бұл заманауи кезеңде,Орынбор қоспа жем зауытына жоғары сапалы өнім шығаруға мүмкіндік туғызады.

2018 жылдан бастап зауыт «Русь» агроөнеркәсіптік холдингтің құрамына кіреді.Орынбор қоспа жем зауыты – «Русь» агроөнеркәсіптік холдингінің құрамындағы бірінші буын болып табылады. Іргетасы, ел бойынша сатылатын, құс етінің және одан жасалған жүзге жуық өнім түрлерінің жеке өндірісі.

2018-2020 жж – қоспа жем өндірісін техникалық жетілдіру жобасын іске асыру.