Өнім берушілерге

Құрметті өнім берушілер!

«Орынбор қоспа жем зауыты» ААҚ тұрақты негізде қоспа жем өндірісі үшін келесі жоғары сапалы шикізатты сатып алады:

Жұмсақ бидай 4,5 класс - ГОСТ Р 54078-2010

Арпа - ГОСТ Р 53900-2010

Сұлы - ГОСТ Р 53901-2010

Жемшөптік жүгері - ГОСТ Р 53903-2010

Бұршақ (нұт, жасымық) - ГОСТ Р 54630-2011

Бидай кебегі - ГОСТ 7169-66

Күнбағыс күнжарасы - ГОСТ 11246-96

Соя күнжарасы - ГОСТ 53799-2010

Толық майлы экструдирленген соя - ГОСТ 17109-88

1-сұрыпты тазартылмаған күнбағыс майы - ГОСТ 1129-2013

Қызылша сықпасы - ГОСТ Р 54901-2012

Жемшөп ұны - ГОСТ Р 56383-2015


«Орынбор қоспа жем зауыты» ААҚ-ның Өнім берушілерді таңдау шарттары

«Орынбор қоспа жем зауыты» ААҚ келесіні хабарлайды:

«Орынбор қоспа жем зауыты» ашық акционерлік қоғамы (бұдан әрі «ОҚЗ» ААҚ) шикізат (дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар, а/ш дақылдарын өңдеу өнімдері) жеткізіліміне шарт жасасады. «ОҚЗ» ААҚ таңдау кезінде келесі шарттарын басшылыққа алады:

«ОҚЗ» ААҚ өнім берушісі болып, белгіленген заңды тәртіпте тіркелген және кәсіпкерлік қызметін жүргізетін, «ОҚЗ» ААҚ нысаны бойынша және де тараптармен келісілген нысан бойынша жеткізілім шартын жасасқан кезкелген тұлға бола алады.

«ОҚЗ» ААҚ шикізат өнім берушісі қайта құру/ жою/ банкроттық кезеңінде емес.

Қызмет саласындағы жұмысы 1 жылдан артық.

Өнім беруші Меркурий жүйесінде тіркелген, және де жеткізілімдерге электрондық ветеринарлық куәліктерді ресімдей алады.

Өнім беруші шикізаттың үшінші тұлғалар алдында қандай да міндеттемелер ауырпалығы жоқ екендігіне және олардың талаптарынан бос екендігіне, дауласпаған, кепілге берілмеген, қамауға алынбағандығына және үшінші тұлғалармен шарттық қатынасқа байланысты кепілге немесе иеліктен шығаруға тыйым салу туралы міндеттемелерінің таралмайтындығына кепілдік береді.

«ОҚЗ»ААҚ шикізат Өнім берушісінің беделі келесі белгілерге жауап беруі тиіс (осымен қоса, бірақ мұнымен шектелмей):

-Өнім берушінің өзіне алған міндеттемелерін орындамауы немесе тиісінше орындамауы фактілерінің болмауы;

-Өнім берушінің РФ қолданыстағы заңнамасы ережелерін бұзу фактілерінің болмауы;

-белгілі тәртіпте шағым жасалмаған, немесе Өнім берушіге шағымды қанағаттандырудан бас тартылған, Өнім берушіге монополияға қарсы,салық, кеден, сот және басқа мемлекеттік органдарымен шағым және (немесе) санкция беруі туралы ақпараттың болмауы;

-Өнім берушінің басқа серіктестермен жасасқан, тауар жеткізу шарттарын Өнім беруші тарапынан бірнеше рет бұзуы туралы мәліметтердің болмауы.

«ОҚЗ» ААҚ-да Өнім берушіні таңдау процедурасына келесі кезеңдер кіреді:

-Өнім берушінің «ОҚЗ» ААҚ-на коммерциялық ұсынысты жіберуі;

-«ОҚЗ» ААҚ түскен коммерциялық ұсынысты қарауы;

-Жеткізілім шартының шарттарын Өнім берушімен талқылау және келісу;

-Жеткізілім шартына қол қою.

Жеткізілім шартын жасасу үшін Өнім беруші «ОҚЗ» ААҚ-на тиісті тәсілмен куәландырылған төмендегі құжаттарды ұсынады:

Заңды тұлғалардың бірыңғай мемлекеттік тізіміне ( жеке кәсіпкерлердің бірыңғай мемлекеттік тізіміне), немесе ЗТБМТ (ЖКБМТ) парағына енгізу туралы куәлігі;

салық органында тіркеу туралы куәлігі;

жарғы, сондай-ақ жарғыдағы барлық қолданыстағы өзгерістері;

лицензия, патент және т.б.(қолданыстағы заңнамаға сәйкес орындалуы тек қана тиісті рұқсатпен мүмкін болатын жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге және т.с.с.шарттар жасасу кезінде);

тұлғаның оңайлатылған салықтық жүйесін қолдануға құқығын растайтын құжаттар (контрагент СОЖ қолданған кезінде) (бас бухгалтердің сұранысы болған жағдайда шарт бойынша жауапты тұлға ұсынады);

шартқа қол қоятын адамның өкілеттілігін растайтын құжаттар – сайлау туралы хаттама (шешім) (үзінді), лауазымға тағайындалуы туралы бұйрық, сенімхат ж.т.б.;

тұлғаның жеке басын (Ресей Федерациясының азаматтары үшін төлқұжат, азаматтығы жоқ тұлғалар және шетел азаматтарына арналған төлқұжат ретінде танылатын басқа құжат) куәландыратын құжат (тек қана жеке тұлғаларға, жеке кәсіпкерлерге арналған);

Ресей Федерациясының заңнамасына/немесе контрагенттің құрылтай құжаттарына сәйкес контрагент үшін ірі мәміле немесе мүдделі мәміле болып табылатын,мәміленің келісілгенін (мақұлдалғанын) растайтын, контрагенттің уәкілетті басқару органының шешімі (хаттамасы, үзіндісі), немесе контрагент үшін мәміле ірі немесе мүдделі мәміле болып табылмайтындығы, оны жасауға контрагенттің кезкелген басқару органының келісімі талап етілмейтіндігі, контрагенттің құрылтайшы құжаттарында оны жасасуға уәкілетті жеке даралық атқарушы органдарына шектеулері жоқ екендігі туралы мөрі басылған контрагенттің жеке даралық органының қолы қойылған хаты (тиісті қажеттілікті анықтаған кезінде заң бөлімімен сұралады).


Өндіріске шикізатты сатып алу бөлімінің байланыс нөмірлері:

Луппов Александр Дмитриевич - бөлімнің жетекші маманы

Тел.: (3532) 91-88-88 доб. 227