Шошқаларды бордақылауға арналған қоспа жем СКК-58

Шошқаларды бордақылауға арналған қоспа жем (3 айдан бастап)

Мыналарға арналған: Үлкендігі 3 айдан бастап семіз күйіне дейін шошқаларды бордақылауға арналған.

Рецепттің құрамы: дәнді және ақуызды шикізат,жануардан алынатын шикізат, өсімдік майлары, микро және макро элементтер, дәрумендер, антиоксидант ферменттері. Дәрумендермен және минералдармен байытылған, қоректілігі жоғары толық рационды қоспа жем.

Азықтандыру бойынша ұсыныстар: азықтандыру нормасы күніне бір мал басына 2,5-3 кг қоспа жемді құрайды. Бір азықтан екіншісіне ауысу: бірінші күні жаңа азықтың 30%, екінші күні- 50%, үшінші күні 70% есебімен 3-5 күннің ішінде ауысуы тиіс.

Құрғақ түрінде беріледі.

Үнемі астауларда таза ауыз суы болуы қажет!

Тәулігіне қажетті қоспа жемнің көлемі

Мал басының саны 5 10 20 30 50 100
Азық килограмы 15 30 60 90 150 300